
Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары пысықталды.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев алдағы паводковый кезең Мемлекет басшысының тікелей бақылауында екенін атап өтті. Осыған орай, су басу қауіпі бар аумақтарда тасқынның алдын алу шаралары белсенді түрде жүзеге асырылуда.
Өңірдегі Жайық өзенінің бойында 102 шақырымды құрайтын 54 қорғаныс бөгеті салынған. Оған қоса, 1817 техника бірлігі мен 4 мыңнан астам адам жұмылдырылған.
Айта кету қажет, облыста көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары өткен жылдың жаз айларында басталған. Мамандар қауіпті аймақтарды зерттеп, осы негізде алдын алу шараларын жүргізу үшін арнайы жол картасы әзірленді.
«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша, биылғы жылы да су тасқыны қаупі сақталады.
«Ағымдағы жылдың қаңтар айында жауған жауын-шашын мөлшері өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда бірдей болды. Нәтижесінде Тасқала, Сырым, Бөрлі, Теректі, Бәйтерек және Орал қалаларында жер бетінде 2 см қалыңдықта мұз жабындысы қалыптасты. Егер ауа райы күрт жылып, жауын-шашын көп жауатын болса, наурыз айында бұл мұз қабаты су тасқынына әкелуі мүмкін», — деп атап өтті «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Т. Шапанов.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев су қоймалары мен тоғандардың жағдайын бақылау, тасқын суын өткізуді қамтамасыз ететін арналарды, каналдарды және арықтарды тазалауды, сондай-ақ су тасқынын жоюға арналған күштер мен құралдардың және қорғаныс бөгеттерінің дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.
«Көктемгі кезеңге толық дайын болуымыз керек. Су тасқынының алдын алу шараларын сапалы әрі уақытылы жүзеге асыру маңызды. Қала, аудан әкімдері және тиісті мекемелер осы жұмыстарды күшейтулері тиіс», — деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.