
Көру қабілеті нашар жандар үшін қазақ тілінде веб қосымша пайда болды. Енді қажетті мәліметтерді экрандық диктор арқылы тыңдауға болады. Құралдың көмегімен пайдаланушылар веб-беттерді, электрондық хаттарды және құжаттарды оңай шолып, қазақ тіліндегі ақпаратқа қол жеткізе алады.
Жобаның мақсаты: Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ақпаратқа, білімге және басқа ресурстарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін қазақ тіліндегі мәтінді дауыстау үшін инновациялық қосымша жасау.
ҚР Ғылым жəне жоғары білім министрлігі, Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша әзірленді.
Жобаны жүктеу, орнату, қолдану нұсқаулығы және дауыс үлгілері https://screenreader.tilqazyna.kz/ сайтында қолжетімді.