Ант қабылдау

Ант қабылдау

Ант – адалдықты сақтаудың ресми және салтанатты уәдесі.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кірген кезде халыққа адал және кәсіби қызмет етуге ант береді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру рәсімі
салтанатты түрде өткізіледі.

Мемлекеттік мерекелер қарсаңында ант беру дәстүрге айналды.

2024 жылғы 5 шілде Астана күні мерекесі қарсаңында жұмылдыру даярлығы бөлімінің бас маманы С.М. Сабитова ант берді.

Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен аяқталды.