Президент су тасқыны кезінде көзге түскен Қарулы күштердің әскери қызметшілерін марапаттады

Президент су тасқыны кезінде көзге түскен Қарулы күштердің әскери қызметшілерін марапаттады

Мемлекет басшысының Жарлығымен қарғын суға қарсы шаралар кезінде көрсеткен қажырлы еңбегі мен жанқиярлығы үшін Қарулы күштердің әскери қызметшілері жоғары мемлекеттік наградалар – ІІ дәрежелі «Айбын» ордені және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 99250 әскери бөлімінің командирі полковник Расул Зәкіровке ІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыс етті. Оның басшылығымен Батыс Қазақстан облысының аумақтық қорғаныс бригадасы елді мекендерді аман алып қалуға атсалысты. Тәулік бойы атқарылып жатқан жұмыстар ұйымдастыруды және жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті.

ҚР ҚМ