Қазақстанда міндетті әскери қызметке көктемгі шақыру басталды

Қазақстанда міндетті әскери қызметке көктемгі шақыру басталды

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – қазақ қоғамының құрамдас бөлігі, мемлекеттігіміздің негізгі элементтерінің бірі, еліміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігінің кепілі.

Мемлекеттің бірінші кезектегі міндеттерінің қатарында Отан қорғаушы болуға ұмтылатын, отансүйгіштігі жоғары азаматтарды тәрбиелеу болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы Жарлығына сәйкес 1 наурыздан бастап әкім орынбасарларының төрағалығымен қалалық және аудандық шақыру комиссиялары азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы көктемгі міндетті әскери қызметке шақыруды бастады.