Батыс Қазақстан облысында үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Батыс Қазақстан облысында үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, Орал қаласының су басу қаупі бар аймақтарының тұрғындарына су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға жаднамалық парақшалар табыс етті.