
Батыс Қазақстан облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және қоршаған ортаны сақтауға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда.
Осы «Таза Қазақстан» акциясы аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері қаламыздың тазалығын сақтау, көшелерді абаттандыру мақсатында сенбілік өткізді.