Ант қабылдау

Ант қабылдау

27 наурыз күні Батыс Қазақстан облысының жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасында мемлекеттік қызметшінің ант қабылдау рәсімі өтті.

Сынақ мерзімінен сәтті өткен мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметкер Сериков Нуршат Ерболұлы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады.

Шара барысында Басқарма басшы А.Ташимов жас мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметті абыройлы атқарып, кәсіби қызметінде күш-жігерін аямай жұмсауға шақырды.

Шараға облыс әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің бас маманы Ж.Б.Какенова, ұжым қызметкерлері қатысты.