Баланың терезеден құлауына жол бермеу бойынша
Ж А Д Н А М А
Қазір жаз, ата-аналардың көпшілігі ашық терезе бала үшін қауіпті екенін ұмытады. Жыл сайын биіктен құлаудан көптеген балалар қаза болады. Сақ болыңыз!
Терезеден құлау балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады, әсіресе қалаларда. Балалар білуге құмарлығынан ашық тұрған терезе алдында дәрменсіз боп келеді.
Үйде кондиционердің болуы терезеден құлау қаупін заңды түрде төмендетеді, алайда бала бар үйде – міндетті түрде ең болмағанда бекіткіштер (фиксаторлар) тұруы керек – бұл ең төменгі қорғаныс, өйткені бала терезені өзі де аша алады.
БҚО ТЖД