Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және оған қарасты барлық мекемелер 27.07.2026-31.07.2026 ж.ж. аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелерін талқылау басталғанын хабарлайды.
Жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидиларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 9 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 1 шілдесі мен 30 шілдесі «Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ- нің және оған бағынысты мекемелердің қызметінде 2025 жылдың 1 шілдесі мен 2026 жылдың 1 шілдесі кезеңі үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
2026 жылғы 23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған «Тәжірибе алаңы: Тіл. Әдістеме. Нәтиже» атты әдістемелік семинар өтті. Іс-шараны Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, Батыс Қазақстан облыстық әдістемелік орталығы және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы БҚО филиалы ұйымдастырды.
Семинарға қазақ тілі мен әдебиетін оқытатын педагогтер (өзге этнос өкілдері – 16 адам) қатысып, тәжірибе алмасты. Кездесудің басты ерекшелігі – теориядан гөрі нақты тәжірибеге, тиімді әдістемелік шешімдерге және оларды сабақта қолдану жолдарына басымдық берілуі.
Семинар барысында білікті мамандар шеберлік сағаттарын өткізді:
- Камшат Жумашева, PhD, М.Өтемісов атындағы БҚУ қауымдастырылған профессоры – педагогикалық тәжірибені ғылыми-әдістемелік мақалаға айналдыру жолдарын көрсетті.
- Әлима Дүйсмағанбетова, педагог-зерттеуші, PhD докторант, кәсіби даму сарапшысы – тілдік әрекетті жобалау, тіл үйренушінің сөйлеуге дайындығын қалыптастыру және тілдік орта құру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар scaffolding әдісінің сабақтағы тиімділігіне тоқталды.
- Әсел Жақыпжанова, педагог-сарапшы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығының авторы – айтылым мен жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдістермен бөлісті.
- Қазақ тілін сапалы оқыту – тиімді әдісті таңдаудан ғана емес, мұғалімнің өз тәжірибесін зерттеп, талдап және үздіксіз жетілдіруінен басталады.
Осындай кәсіби кездесулер педагогтердің тәжірибе алмасуына, жаңа әдістерді меңгеруіне және сабақ үдерісін жетілдіруіне мүмкіндік береді.
2026 жылғы 2–5 қыркүйек аралығында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында шетелде тұратын этникалық қазақтардың басын қосқан «Алтын көпір» халықаралық форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты – шетелдегі қазақтармен мәдени және қоғамдық байланыстарды нығайту, ұлттық бірегейлікті, ана тілін, тарихи жадты, салт-дәстүр мен рухани мұраны сақтау, сондай-ақ тарихи Отан мен шетелдегі қандастар арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту.
Халықаралық форумға Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан және Ресейден келген қазақ ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері, ғалымдар, тарихшылар, оқытушылар, кәсіпкерлер, мәдениет және қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Мәдени-танымдық бағдарлама аясында шетелдік қонақтар Орал қаласының тарихи және мәдени нысандарымен танысып, Батыс Қазақстан өңірінің тарихы туралы мағлұматалды. Сондай-ақ Хан Ордасы тарихи-мәдени музей-қорығына, музейлер мен тарихи орындарға бару ұйымдастырылды. Мәдени кездесулер барысында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Форумның негізгі отырысы барысында шетелдегі қазақ тілін сақтау, ұрпақтар сабақтастығы, ұлттық тәрбие, салт-дәстүр мен мәдени мұраны дәріптеу, қазақ ұлттық-мәдени орталықтарының қызметі, жастарды қолдау және халықаралық мәдени, ғылыми, білім беру және іскерлік ынтымақтастықты дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.
Қатысушылар өз елдеріндегі қазақ қауымдастықтарының тыныс-тіршілігі, ана тілін сақтау және ұлттық құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізу бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.
«Алтын көпір» халықаралық форумы шетелдегі қазақтар мен тарихи Отан арасындағы байланысты нығайтып, өзара тәжірибе алмасуға және жаңа бірлескен жобаларды қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша шетелдегі қазақ ұйымдарымен мәдени, ғылыми, білім беру және қоғамдық бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар айтылып, бірлескен жобаларды жүзеге асырудың перспективалары айқындалды.
«Алтын көпір» – шетелдегі қандастарды тарихи Отанымен байланыстыратын, ұрпақтар сабақтастығын сақтайтын және елдер арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтатын рухани көпір.
Орал қаласында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – тұтастық туы» атты жалпыхалықтықтіл фестивалі өтті.
Фестивальдің негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен дәстүріне құрмет қалыптастыру және қоғамдағы тілдік бірлікті нығайту.
Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының өңірдегі тіл саясатын іске асыру бағытында атқарылған жүйелі жұмыстары туралы дайындалған бейнебаяны көпшілік назарына ұсынылды.
Салтанатты шараБатыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтіңқұттықтау сөзінен бастау алды.
Өңір басшысы Н.Төреғалиұлы мемлеттік тіл саясатын жүргізуде үлес қосып жүрген бір топ тіл жанашырларын марапаттады. Соның ішінде М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, философия докторы PhD, филология факультетінің деканы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының БҚО филиалының төрағасы Айдарбек АхметовкеҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің«Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табыс етілді. Басқа да тіл тұғырын биік ұстаған тұлғаларғаҚР Ғылым және жоғары білім министрлігініңҚұрмет грамотасы мен Алғыс хаты, облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан тіл фестивалі көрерменнің көңіліне көтеріңкі рух сыйлап, тілім деп тебіреніп келген елдің абырой-айбынын асырып, көңілді атфосмерада, әдемі нотада өз мәресіне жетті.
Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы заманауи форматта насихаттау, шығармашылығын дәріптеу, шығармашылық бастамаларды қолдау және жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Абай оқулары» облыстық байқауы өткізілді.
Байқауға қатысушылардың жұмыстары 2026 жылғы 15 маусым мен 25 шілде аралығында қабылданды. Байқау қашықтық форматта өткізіліп, оған облыстың қала және аудан жастары қатысты. Қатысушылар «Абай әлемі» тақырыбында Абайдың қара сөздері мен шығармаларынан үзінділерді жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып көркем бейнеролик форматында ұсынды.
Байқау ережесіне сәйкес ұсынылған бейнероликтер Instagram әлеуметтік желісінде жарияланып, белгіленген мерзімде ұйымдастырушының электрондық поштасына жолданды.
Қатысушылардың жұмыстары тақырыптың ашылуы, Абай мұрасын насихаттау деңгейі, жасанды интеллект құралдарын шығармашылық тұрғыда тиімді қолдануы, көркемдік шешімі, техникалық сапасы және жалпы әсері бойынша бағаланды.
Ұсынылған жұмыстарды қазылар алқасы жан-жақты қарап, байқау талаптарына сәйкес бағалау жүргізді. Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпаздары анықталды:
1-орын иегері – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №74 мекемесінің кітапханашысы Есқалиева Гүлдана Сатымқызы;
2-орын иегері – БҚО Полиция департаменті Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы полиция аға лейтенанты Гарифуллина Алима Байғалиқызы;
3-орын иегерлері – Байтерек ауданы ОКЖ Октябрь ауылдық кітапхана кітапханашысы Хайруллина Гүлсезім Құрманғазықызы және Сырым ауданы, Жымпиты ауылы Сырым колледжінің студенті Ғайса Бекжан.
Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 10 тамыз күні Абай алаңында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына арналған «Абай даналығы: бүгін және мәңгі» атты салтанатты шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – Абай мұрасын кеңінен насихаттау, ұлы ойшылдың шығармашылығы мен философиялық тағылымын дәріптеу, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық рухани құндылықтарды ұлықтау және өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік, білім мен еңбекке деген құрметті қалыптастыру.
Салтанатты шара Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталады. Шараға облыс басшылығы, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, жастар және қала тұрғындары қатысты.
Іс-шара аясында «Әлем таныған – Ұлы Абай» атты кітап көрмесі, Абай афоризмдерінің фотокөрмесі және арнайы тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Бағдарлама аясында облыстық «Абай оқулары» байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Байқауда үздік деп танылған қатысушыларға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Абай оқулары облыстық байқауының
ЕРЕЖЕСІ
1.1.Осы Ереже «Абай оқулары» облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
1.2. Байқаудың мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын насихаттау, шығармашылығын заманауи форматта дәріптеу, шығармашылық бастамаларды қолдау және қашықтықтан қатысу мүмкіндігін кеңейту.
1.3. Байқаудың міндеттері
1.4. Байқау мемлекеттік тілде және қашықтық форматта өткізіледі.
1.5. Байқаудың ережесіне сай аталмыш сайысқа 18- 35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.
2.1. Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.
2.2. Байқау Орал қаласында 2026 жылдың тамыз айында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді, өтетін күні мен орны қосымша хабарланады.
3.1. Байқауға қатысушылар «Абай әлемі» атты қысқа бейнеролик ұсынуы тиіс:
І. Абайдың қарасөзін немесе шығармаларынан үзіндіні жасанды интеллектті пайдалана отырып көркем бейнеролик ұсыну;
3.2. Байқауға қатысу үшін бейнероликтер ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап 25 шілдеге дейін Instagram әлеуметтік желісінде жариялануы тиіс.
3.3. Байқауға қатысушыларInstagram әлеуметтік желісінде бейнеролик орналастырылған сілтемені sa.kaderova@bko.gov.kzэлектронды поштасына жолдау қажет.
Электронды поштаға жіберілгенде келесі мәліметтер көрсетілуі қажет:
- қатысушының аты-жөні;
- қала немесе аудан;
- оқу немесе жұмыс орны;
- жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны (болған жағдайда).
3.4. Instagram әлеуметтік желісінде жариялаған профиль міндетті түрде ашық болуы тиіс.
4.1.Бейнероликке мынандай талаптар қойылады:
1) ұзақтығы 2 минуттан 3 минутқа дейін;
2) контент қазақ тілінде болуы тиіс;
3) материал әлеуметтік желілерде ашық қолжетімді болуы қажет;
4) сапалы дыбыспен, анық бейнемен және авторлық мазмұнда ұсынылуықажет.
4.2. Монтаж жасауға, музыкалық сүйемелдеуге, визуалды эффектілер қолдануға рұқсат етіледі.
4.3. Байқауға ұсынылған материалдар әлеуметтік желілерде және ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында жариялануы мүмкін.
5.1. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
5.2. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде төмендегі талаптарды ескереді:
- жарияланған бейнероликтің сапасы;
- уақытқа қойылған талаптың сақталуы;
5.3. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы диплом және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.
5.4. Барлық қатысушылар электронды Алғысхаттармен марапатталады.
090000, Орал қаласы, Хамит Чурин көшесі 116, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.
Байланыс телефоны: 8 (7112) 50-74-66.
Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 9-12 маусым күндері «Мемлекеттік тіл – ресми іс жүргізудің негізі» атты 4күндік (32 сағат) тегін оқыту курсы өткізілді.
Курстың мақсаты – мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің нормативтік талаптары бойынша білімді жүйелеу, кеңсе құжаттарын сауатты әзірлеу дағдыларын дамыту, ресми жазудың бірыңғай стандарттарын қалыптастыру, сондай-ақ кеңсе қызметкерлерінің күнделікті іскерлік қарым-қатынаста қазақ тілін кәсіби деңгейде қолдану құзыреттілігін арттыру.
Іс-шараға облыстық білім, дене шынықтыру және спорт басқармаларына бағынысты мекемелердің іс жүргізуші мамандары қатысты. Барлығы 40 адам шеберлік сағатына қатысып, білімін жетілдіруге мүмкіндік алды.
Осы оқыту курсы саласында терең білімі мен бай тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар мазмұнды баяндамалар жасады. Атап айтсақ Айгүл Ниетова (М. Өтемісов атындағы ЗҚУ аға оқытушысы, магистр) - ресми стиль, емле қағидалары және аударма мәселесі бойынша шеберлік сағатын өткізген болса, Самал Қабдолла (БҚО мемлекеттік архивінің жетекші сарапшысы) құжаттама жасау, дайындау, ресімдеу тәртібі және істер номенклатурасын жасақтаудың ерекшеліктерімен таныстырды.
Іс-шараның соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Республикалық «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» байқауының облыстық кезеңіне өтінім қабылдау басталды!
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдегі жарнама мәтіндерін сауатты рәсімдеуді насихаттау, тіл заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету және осы бағытта белсенділік танытып жүрген кәсіпкерлер мен азаматтарды қолдау.
Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 20 шілдеге дейін.
Байқауға кәсіпкерлік субъектілері, квазимемлекеттік сектор өкілдері, тауар өндірушілер және жарнама мәтіндерін түзету жұмыстарына үлес қосып жүрген азаматтар қатыса алады.
Қосымшаақпарат:
+7 778 188 74 29
+7 702 952 72 70
8 (7112) 50-74-66
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бірге үлес қосайық!