Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша талдамалық анықтама
- Жалпы ақпарат
2023 жылы III тоқсанында 4433 қызмет көрсетілді.
- «Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» - 2;
- «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» - 0;
- «Көркемөнерпаздық ұжымдарына «Халықтық» (үлгілі) атағын беруге өтінімдерді қабылдау» - 1.
- «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» - 4430
Соның ішінде,
- көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-0
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 1336
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны-0
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –0
Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны:
- egov.kz портал арқылы-2801:
- Мемлекеттік корпорация арқылы-294
- Кеңсе -1336;
- Е-лицензиялау – 2.
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны – жоқ.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 2 (бір) ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесі: Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру мемлекеттік қызметі бойынша әдістемелік көмек ұсынылып, қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпараттар берілді.