Құрылыс басқармасында студенттерге арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға құрылыс саласының ерекшеліктерін таныстыру, кәсіби бағдар беру және болашақ мамандармен тікелей байланыс орнату.
Іс-шара барысында студенттер басқарманың қызмет бағыттарымен, құрылыс саласындағы негізгі міндеттермен және жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Мамандар құрылыс нысандарын жоспарлау, жобалау, бақылау және пайдалануға беру кезеңдері туралы айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу кезінде студенттер сала мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құрылыс саласындағы заманауи технологиялар, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Ашық есік күні студенттер үшін теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, құрылыс саласындағы мамандардың жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіріліп, алдағы оқуына және кәсіби жолына сәттілік тілектер айтылды.
Күрделі жөндеуден өткен Орал теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өкілдері, теміржол саласының ардагерлері мен өңір тұрғындары қатысты.
Жаңғырту жұмыстары Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Вокзал заманауи талаптарға сай жаңартылып, жолаушыларға қолайлы жағдай жасалды: эскалаторлар, жеделсатылар, ана мен бала бөлмесі, күту залдары және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған инфрақұрылым қарастырылған.
Ауылдық елді мекендерде білім беру сапасын арттыру мақсатында 5 ауылда жаңа 48 орындық мектептердің жобалары әзірленуде.
Жоба аясында жаңа білім беру нысандары мына ауылдарда салу жоспарланған:
Ақжайық ауданы - Жаңажол ауылы;
Бөкейорда ауданы - Жиекқұм ауылы;
Жәнібек ауданы - Тегісшіл ауылы;
Казталов ауданы - Әбіш және Көмекші ауылдары.
Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталып, жобалаушы ұйым анықталды. Бүгінде барлық нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жобалар ауыл оқушыларына заманауи талаптарға сай, қауіпсіз әрі жайлы білім беру кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жаңа мектептер - ауылдың дамуына және өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жасалған маңызды инвестиция.
Бүгін «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында басқармада дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға құрылыс басқармасының қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстел аясында пікір алмасу жүргізіліп, басқарма ұжымы өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әрбір азаматтың рөлі ерекше екені атап өтілді.
Іс-шара қорытындысында заң мен тәртіп қағидаттарын дәріптеу, құқықтық мәдениетті дамыту және азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі айтылды. «Заң мен тәртіп» идеологиясы - әділетті, қауіпсіз және дамыған қоғам құрудың басты негіздерінің бірі екені ерекше атап өтілді.
2026 жылғы 2 маусымда Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы Ақжайық шағынауданындағы жаңа тұрғын кварталдардың құрылыс алаңдарына жұмыс сапарымен барып, көшпелі кеңес өткізді.
Қадағалау барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу барысы бағаланып, мердігер ұйымдар мен техникалық қадағалау өкілдеріне нысандарды белгіленген мерзімде және сапалы аяқтау бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Құрылыс жұмыстарының сапасы мен қарқыны тұрақты бақылауға алынды.
1970 жылы пайдалануға берілген мектеп ғимараты осы уақытқа дейін күрделі жөндеуден өтпеген. Күні бүгін нысанның тозуы байқалып, қазіргі техникалық жағдайы толықтай заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Соның салдарынан білім беру үдерісі жайсыз әрі қауіпсіздігі төмен ортада жүзеге асырылып отыр
Жаңа мектептің
Жер аумағы: 1,2 га
Ғимарат ауданы: ~1600 м2
Мектеп ішінде:
Аумақ және алаңдар:
Жаңа мектеп оқушыларға жайлы әрі қауіпсіз ортада білім алуға мүмкіндік беретін болады. Заманауи талаптарға сай салынатын білім ордасы балалардың дамуына, сапалы білім алуына және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жаңа мектепті алдағы оқу жылының басына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
2026 жылғы 9 қаңтарда Мемлекет басшысы Құрылыс кодексіне қол қойды. Бұл кодекс құрылыс нысандарының қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ құрылыс рәсімдерін жеңілдетіп, ашық етуге бағытталған. Кодексті қабылдау мемлекет, бизнес және азаматтар үшін заманауи талаптар мен технологияларды ескере отырып, түсінікті жұмыс жағдайларын қалыптастыруды көздейді.
Жаңа Құрылыс кодексі - құрылыс саласында тәртіп орнатуға, қауіпсіздікті арттыруға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды құжат.
Кодекс реформаларды кезең-кезеңімен іске асыруды көздейді. Кепілдік міндеттемелер күшейтіліп, цифрлық технологиялар кеңінен енгізіледі. Сонымен бірге жобалау, сараптама және құрылыс барысын бақылау жүйелері жаңғыртылады.
Материалдарға сәйкес Құрылыс кодексіне енгізілетін негізгі жаңашылдықтар көрсетілген.
Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасымен Орал қаласында 550 төсек-орынға арналған жаңа облыстық көпсалалы аурухананың жобасы әзірленуде.
Болашақ медициналық орталық Ақжайық шағынауданында орналасып, заманауи палаталар мен бірнеше мамандандырылған бөлімшелерді біріктіреді. Ғимарат үш негізгі блоктан тұрады:
- хирургиялық блок, оның ішінде 50 орынға кардиология және қан тамыр хирургия бөлімі қарастырылған
- терапиялық блок,
- оңалту бөлімшелері.
Қосымша ретінде 118 орындық күндізгі стационар бөлек қарастырылады.
Аурухана заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, пациенттер ағынын бөлуге арналған TRIAGE жүйесі енгізіледі - шұғыл көмек және жоспарлы госпитализация. Бұл медициналық көмекті жедел көрсетіп, ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Аумақта шұғыл медициналық эвакуацияға арналған тікұшақ алаңы да салынады - бұл пациенттерді жеткізу уақытын айтарлықтай қысқартып, өмірді сақтап қалу мүмкіндігін арттырады.
Бұл платформа Құрылыс басқармасында 2025 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.
Е-Құрылыс платформасынын артыкшылықтары
Атқарушылық құжаттар (акт, журналдар) толық электронды форматқа көшірілді.
Мемлекеттік, авторлық және техникалық қадағалау нақты уақыт режимінде жүргізілді.
Құрылыс нысандары мен қатысушылардың бірыңғай дерекқоры қалыптасты.
Құрылыс жүргізуден бастап пайдалануға беруге дейінгі барлық процестерді қамтитын Бірыңғай құрылыс порталы толық іске қосылды.
E-Qurylys - құрылыс саласындағы ашықтық, бақылау және цифрландырудың жаңа кезеңі.