
Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында БҚО Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылындағы 150 орындық мәдениет үйі құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс құны 211788,0 мың. теңгені құрайды. Құрылыс монтаж жұмыстарын «Аяла» ЖШС жүргізіп жатыр. Техникалық қадағалаушы -«Сенімді Сапа» ЖШС. Авторлық қадағалаушы «Даумшар» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың 6 мамыр айында басталды. Құрылыс монтаж жұмыстарын аяқтау 2020 жылдың 20 желтоқсанында жоспарлануда.