
Казталов ауылындағы Шарафутдинов көшесі бойынан 12 пәтерлі 2 қабатты екі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс құны – 281 950,0 мың теңге. Күні бүгін, тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарын «Нұр Құрылыс-Болашақ» ЖШС жүргізіп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстарының құны – 269 279,9 мың теңге. 2020 жылға бөлініп тұрған қаражат -114 400,0 мың теңге. Техникалық қадағалаушы - «ЖанаКонсалтинг ЛТД» ЖШС Авторлық қадағалаушы – «ТопПроект» ЖШС. Құрылыс мерзімі – 12 ай. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың 9 шілдесінде басталды. Жалпы бұл үйлерді бергенде басымдылық көпбалалы аналарға беріледі,яғни 12 пәтердің үйдің 8-і.Қалған пәтерлер кезекте тұрған басқа санаттар бойынша берілетін болады. Үйдегі пәтерлердің барлығы 2 бөлмелі, ауданы 59-63 м2 дейінгі аралықта.