Құрылысшы Күніне арналған салтанатты шара

Құрылысшы Күніне арналған салтанатты шара

Бүгін Кұрылысшы күні қарсаңында салтанатты шара өтті. Шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысып, құрылысы саласының дамуына зор үлес қосып жүрген қызметкерлер марапаттарға ие болды. 
Шара барысында "Еңбек ардагері" медалі, "Қазақстанның құрметті құрылысшысы" төс белгілері, облыс әкімінің алғыс хаттары және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму минстрінің Құрметті грамоталары табыс етілді. Саланың 30-дан астам қызметкерлері әр түрлі марапаттарға ие болды.