
БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылында 2 қабатты 12 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы 13 шілдеде бастау алды. Мердігер – «ЭнергоРемСервис» ЖШС. Техникалық қадағалаушы - «МегаПромАксай» ЖШС, авторлық қадағалаушысы – «Шаңырақ жобалау» ЖШС тағайындалды. Құрылысының құны – 281 091 417,09 тенге. Құрылыс жұмыстарының ұзақтығы – 8 ай. Салынатын үйді сипаттап өтетін болсақ: Бір тұрғын үйдің жалпы ауданы – 1180,24 м², пәтердің жалпы ауданы – 714 м², тұрғын ауданы – 456,8 м². Бір аулада 2 тұрғын үй орналасады, бір үйдің 2 подъезді болады. Бір тұрғын үйде 12 пәтер, әр пәтері 2 бөлмеден, пәтерлердің аудандары 60м2, 53м2, 63м2. 2-ші қабатында балкондары бар. Іргетасы ленталы темір бетон, қабырғасы селикат тастан қаланады. Төбе жабыны металды черепица. Қазіргі кезде 2 тұрғын үйдің орындары белгіленіп, іргетасын құю бойынша жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2021 жылға жоспарланған.