ЖАО кезегінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету

ЖАО кезегінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету

Оралда жалғыз үйі апатты деп танылған отбасыларға арналған тұрғын үйлер салынады

Қалада жергілікті атқарушы органның кезегінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр. Биыл Оралда жалғыз үйі апатты деп танылған отбасыларға көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіледі.

Бүгін қала әкімі Мұрат Байменов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев және құрылыс компаниялары тұрғын үй салу жөніндегі бірлескен жобаны жүзеге асыруға ниет білдіріп, әріптестік туралы меморандум жасасты.

«СВС Батыс» ЖШС жаңа Ақжайық шағын ауданында, «Ирменов» ЖК Омега ауданындағы Шалқыма көшесінде көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын бастайды. Барлығы 180 пәтер жергілікті атқарушы органның кезегінде тұрған, жалғыз үйі апатты деп танылған отбасыларға беріледі. Ауласы абаттандырылған, барлық инженерлік желілері жүргізілген, таза әрленген тұрғын үйлер биыл күз мезгілінде қолданысқа берілу қажет.