
«Жайлы мектеп» - сапалы білім беру мен оқушылардың саулығы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
«Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы қолға алынды», - Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сай келетін тегін білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бастама жайлы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, балалардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта қалыптастырады.
Жайлы мектептердің көлемі типтік мектептерге қарағанда, 15-20%-ға кең, сондай-ақ техникалық жарақтануы да 4 есе артық. Мектептерде робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары, 4 спорт залы қарастырылған, сондай-ақ алғашқы әскери дайындық үшін арнайы ашық алаңдар жабдықталады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары бөлек блоктарда білім алады. Жайлы мектептердегі ең басты жайлылық - эргономикалық кеңістіктің құрылуы.