Тұрғын үй құрылысы

Тұрғын үй құрылысы

Президенттің тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда 18,96 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тұрғын үй құрылысындағы рекордтық көрсеткіш.

2024 жылдың қорытындысы бойынша 172 089 баспана пайдалануға берілді. Оның 39 064 жеке үй. 

2025 жылы елімізде 19 млн. шаршы метр немесе 175 мың тұрғын үй, 2029 жылға қарай 111 млн. шаршы метр салу жоспарлануда.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Президенттің әрбір қазақстандықтың қолайлы жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын белсенді түрде жүзеге асыруда