БҚО-да әскери қалашық ашылды

БҚО-да әскери қалашық ашылды

Орал қаласында Мемлекет Басшысының тапсырмасына сай іске асырылған аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді.

Әскери қалашықтың құрылысы 2023 жылы басталған болатын. Қалашық құрылысының бірінші кезеңі аяқталып, әскерилерге пайдалануға берілді. Бастапқы кезеңде әскери бөлімнің штабы, екі казарма, бақылау-өткізу пункті, саптық сабақтарға арналған плац және кірме жолдар пайдалануға берілді.
Кейіннен оқу және спорт корпустарын, асхананы, клубты, қоймаларды салу және техникалық аумақты жайластыру көзделеді.

Қарулы Күштердің № 99250 әскери бөлімінің жаңа нысандарының салтанатты ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары-Бас штаб бастығы генерал — лейтенант Сұлтан Камалетдинов және Қарулы Күштердің ардагерлері қатысты.