
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Шыңғырлау ауданының Ақсуат ауылында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында жаңа медициналық пункт салынып, жұртшылық игілігіне берілді.
Айта кетейік, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасының негізгі мақсаты – барлық ауылдық елді мекендерді бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ете отырып, дені сау ұлт қалыптастыру. Сондай-ақ шалғайда жатқан ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсету тиімділігін арттыру.
Жаңа медициналық пункт қажетті медициналық құрал-жабдықтармен және жиһазбен толықтай қамтамасыз етілген, бұл ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға, уақтылы профилактикалық жұмыстар жүргізуге және скринингтік тексерулер өткізуге мүмкіндік береді.