Батыс Қазақстан облысында соңғы екі жылда жаңа медицина нысандарының саны артты

Батыс Қазақстан облысында соңғы екі жылда жаңа медицина нысандарының саны артты

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары Батыс Қазақстан облысында 50 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған болатын.

2023-2024 жылдары 36 медининалық нысан аяқталып, қалған 14 нысанның құрылысы келесі жылы аяқталатын болады.

Атап айтқанда, 2023 жылы 12 жаңа медициналық нысан қолданысқа берілді. Биылғы жылы 14 нысанның құрылысы аяқталды, сондай- ақ, 10 нысанды жыл аяғына дейін іске қосу жоспарланған.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласы бойынша екі жыл ішінде 35 нысан күрделі жөндеуден өтті.
Облыс тұрғындарының айтуынша, жаңа медициналық нысандардың ашылуы медицина қызметі сапасының артуына оң әсерін тигізуде.