Орал қаласында №31 мектептің ашылу салтанаты өтті.

Орал қаласында №31 мектептің ашылу салтанаты өтті.

Бүгін, 14 желтоқсан Орал қаласында №31 мектептің ашылу салтанаты өтті. Төрт қабатты, үш блоктан тұратын білім ошағы заманауи жабдықпен толық қамтылған.
Оқу ордасының лентасын Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен «Альтаир» ЖШС құрылыс компаниясының басшысы Александр Потиченко қиып, жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.
Білім ордасының ашылуы – ата-аналар, оқушылар, және ұстаздар үшін үлкен мереке.
Еске салсақ, №31 жалпы білім беретін мектеп ғимараты 2020 жылы техникалық қорытындыға сәйкес апатты деп танылып, кейін мектеп оқушылары қаламыздың №22,32 орта мектебінде және №34 гимназияға ауысуға мәжбүр болған еді. Қазіргі таңда, міне, заманауи, жайлы, сонымен қатар жоғары техникалық құралдармен жабдықталған кабинеттері бар жаңа мектептен білім алатын болады.
400 оқушыны қамтуға қауқарлы білім ордасының құрылыс құны 2,5 млрд теңге. Мердігері-«Альтаир» ЖШС.
Мектеп ғимаратында он кіреберіс және шығатын есік, бейнебақылау жүйесі, дыбыстық ескерту жүйесі бар.
Сонымен қатар, мектеп алаңында спорт алаңдары, футбол және баскетбол алаңдары бар.