Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында жаңа емхана келушілерге есігін ашты.

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында жаңа емхана келушілерге есігін ашты.

Биыл облысымызда әлеуметтік нысандар көптеп ашылып, халық қуанышқа бөленуде.

Бүгін Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында жаңа емхана келушілерге есігін ашты.
Нысанның халық денсаулығын жақсартуда маңызы ерекше болмақ. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекеме заманауи жабдықтармен қамтылған.

Қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге барлық мүмкіндігі бар үш қабатты емхана бір күнде екі жүзге жуық адамды қабылдап, қызмет көрсете алады. Мұнда балалар бөлімшесі,талдау жинау тобы, жұқпалы аурулар тобы, сәулелік диагностика бөлімшесі, зертханалар тобы, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, консультативтік-диагностикалық көмек бөлімшесі, физиотерапия, күндізгі стационар бөлімшесі, гинекология бөлімі бар.

Жалпы, жобаның сметалық құны 2,9 млрд теңге. Жаңа нысанның мердігері «Ондасын Строй» ЖШС.