Орал қаласындағы 150 орынға арналған мүгедектерді оңалту орталығының құрылысы 90% дайын.

Орал қаласындағы 150 орынға арналған мүгедектерді оңалту орталығының құрылысы 90% дайын.

Орал қаласында 150 орынға арналған мүгедектерді оңалту орталығының құрылысы 90% дайын. Бұл нысанның облысымыз үшін де, қаламыз үшін де маңызы зор екендігі сіздерге мәлім.

Ақжайық жаңа шағын ауданында мүгедектерге арналған медициналық-оңалту орталығының құрылысы 2022 жылдың тамыз айында басталып, осы жылдың соңында аяқталады деп жоспарлануда. Нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстарына 7,3 миллиард теңге бөлінген еді, оның 90% - ы республикалық бюджеттен, қалғаны жергілікті бюджеттен қарастырылды. Мердігерлік ұйым «Альтаир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

150 орынға арналған оңалту орталығы бес блоктан тұрады. Мұнда: спорт залы, емдік бассейн, акт залы, заманауи техникалық оңалту құралдарымен жабдықталған дәрігерлік кабинеттер, асхана және жатын орындар болады.

Қазіргі таңда монтаждау жұмыстары, жабдықтар мен жиһаздарды құрастыру және орнату жұмыстары жүргізіліп, құрылысшылар ішкі әрлеу жұмыстарына кіріскен. Сонымен қатар,  абаттандыру және көгалдандыру (бұталар мен ағаштарды отырғызу) бағытындағы жұмыстар жүріп жатыр. Нысанды 2024 жылдың соңында тапсыру жоспарлануда.