Деркөл кентіндегі 1500 орындық білім ордасы қараша айында қолданысқа берілмек.

Деркөл кентіндегі 1500 орындық білім ордасы қараша айында қолданысқа берілмек.

Деркөл кентіндегі 1500 орындық мектеп.
Мердігерлік ұйым “KazConstructionGroup” ЖШС.

Деркөл кентіндегі 1500 орындық мектептің құрылысы 90% дайын.
Жаңа заманауи жайлы мектепте балалар үшін функционалды және қауіпсіз білім беру ортасы құрылатын болады. Заманауи пәндік кабинеттер, зертханалар, робототехника сыныптары, хореографиялық зал, төрт спорт зал, коворкинг пен демалыс аймақтары, ойын және спорт алаңқайлары және басқа да игіліктер жасақталатын болады.
Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларына баса назар аударылып, цифрлық бейнекамера, турникет орнатылатын болады.
Деркөл кентіндегі 1500 орындық білім ордасы қараша айында қолданысқа берілмек. Сонымен қатар, жоспар бойынша желтоқсан айында Балауса шағын ауданындағы 1500 орындық мектеп және Теректі ауданының Подстепное кентіндегі 1200 орындық мектептің ашылу салтанаты күтілуде.