
2024 жылғы 30 қыркүйекте облыстық «ТДК-42» телеарнасының «Начистоту» бағдарламасында Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Молдашев Нұркен Еділұлы облыстық телеарнада тікелей эфирде сұхбат берді.
«Құрылыс индустриясының даму қарқыны» атты тақырыпта сұхбат берген басқарма басшысының орынбасары Нұркен Еділұлы, облыс көлеміндегі құрылыс индустриясының қарқынын, құрылыс саласына салынған инвестицияның көлемін және игеріліп жатырған тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік нысандар және инженерлік желілелермен қамтамасыз етілетін нысандар құрылысы жайында және атқарылып жатқан жұмыстары, сонымен қатар алдағы уақытта жоспарланған құрылыс жұмыстары туралы айтып берді.
Сондай-ақ, сұхбат барысында құрылыс нарығындағы проблемалар жайында әңгіме қозғалды. Бұл сауалнамаға Нұркен Еділұлы құрылысты тоқтата тұру немесе толығымен тоқтататын себептерге тоқталып, тележурналисттің бірқатар сұрақтарына жауап берді.