25 қыркүйек күні өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынған тұрғын үйлер құрылысы туралы» брифинг өтті.

25 қыркүйек күні өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынған тұрғын үйлер құрылысы туралы» брифинг өтті.

Кеше 25 қыркүйек күні өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау және су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынған тұрғын үйлер құрылысы туралы» брифинг өтті. Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы Антазиев Әлібек Сайынұлы өңірімізде осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндап берді. 

Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы Антазиев Әлібек Сайынұлының мәліметінше, ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету бойынша мақсатты саясат жүргізіліп келеді. Елді мекендердің саны бойынша 413 ауылдың 284-і, яғни 68,8%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Нәтижесінде облыс бойынша халықты сумен жабдықтау деңгейі 95,4%-ға жетті.

«Ағымдағы жылы жалпы 35 мыңнан астам тұрғыны бар 22 ауылдық елді мекенге орталықтандырылған ауыз су желісін толықтай тарту жоспарлануда. Осы мақсатта 5,9 млрд. тенге көзделген. Оған қоса, 1,8 мың тұрғыны бар 20 ауылға кешенді блок модуль орнату міндеті тұр» деді Әлібек Сайынұлы.

         Басқарма басшысының айтуынша, сумен қамтамасыз етудің әлеуметтік маңызы зор. 2025 жылдың соңына дейін қалған 9 мың тұрғыны бар 99 ауылдық елді мекендерді таза ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету көзделіп отыр.

         Сондай-ақ, брифингте су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынған тұрғын үйлер құрылысы тақырыбы қозғалды. Жалпы, Батыс Қазақстан облысы бойынша су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 851 тұрғын үй құрылысы қарастырылған, оның ішінде аудандарда 400 тұрғын үй (Қаратөбе – 90, Сырым – 114, Теректі – 130, Бәйтерек – 6, Бөрлі – 60), Орал қаласында 451 тұрғын үй (Жұлдыз ш.а. – 192, Деркул к. ПДП-1 – 103, Деркул к. ПДП-2 – 76,  Зашаған к. – 80). Тұрғын үйлер құрылысын 60-қа жуық жергілікті мердігер жүргізді. Бүгінгі таңда барлық 851 тұрғын үй құрылысы аяқталып, тұрғындарға кілттері табысталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстары мамыр айында басталып, ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталды.