
16 қыркүйек күні Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116 ғимараты, 3-қабатта орналасқан мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Хайруллина Айман Рафикқызының төрағалығымен мемлекеттік қызметшілер арасында жиын өтті. Семинарға жергілікті мемлекеттік мекемелерінің басшылары мен мамандары қатысты.
Жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңына қол қойылғаны, азаматтардың құқықтық мәдениеттілігін, тәртіптің шынайы жағдайын орнатуға, әртүрлі санаттағы мемлекеттік қызметкерлерге және азаматтарға құқықты, заңды түсіндіру қажеттігі айтылды.
Сондай-ақ семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланып, ситуациялық мәселелер талданды. Жиналысқа қатысушылар белсенді қатысып, сұрақтар мен ұсыныстар қойылып, тиісті жауаптар берілді.