
Еске салсақ, Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге арналған баспананың барлығы да бүгінгі таңда толығымен пайдалануға беріліп, өңір басшысының өзі тұрғындарды қуанышымен құттықтап, жаңа үйлердің кілтін табыстаған еді.
Су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 775 үйдің 375-і облыс орталығында бой көтерсе, қалғаны Бөрлі, Сырым, Теректі, Қаратөбе аудандарында салынды.
Осыған орай 12 қыркүйек күні Астана залында облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен кеңес өткізіліп, кеңес барысында су тасқыны салдарын қалпына келтіруге ерекше үлес қосқан бірқатар мердігерлер марапатталды.
Өңір басшысы су тасқынымен күрес шараларына белсене атсалысқан мердігерлерді марапаттау рәсімінде қажырлы еңбектері мен су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлердің құрылысын жоспарға сәйкес жүргізгендері үшін алғысын білдірді.