
Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасында мемлекеттік қызметшінің ант қабылдау рәсімі өтті.
Сынақ мерзімінен сәтті өткен мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметкерлері - Әмина Исатайқызы Аманғалиева және Дәулет Аманкелдыұлы Хайнолла Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады. Басқарма басшылығы жас мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметті абыройлы атқарып, кәсіби қызметінде күш-жігерін аямай жұмсауға шақырды.