ҚР Премьер-Министрі О.Бектеновтің БҚО жұмыс сапары

ҚР Премьер-Министрі О.Бектеновтің БҚО жұмыс сапары

22 шілде күні Үкімет Басшысы Олжас Бектенов Мемлекет Басшының  су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексеру мақсатымен Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.

Үкімет Басшысы Теректі ауданы Подстепное ауылындағы, 400-ге жуық тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатқан Орал қаласы Деркөл аулындағы және Жұлдыз шағын ауданындағы, сонымен қатар Қратөбе ауданы Қоржын ауылындағы салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс қарқынымен танысты.