
Орал қаласында баспаналары су тасқынынан кейін тұруға жарамсыз деп танылған жергілікті тұрғындарға арналған 450 үйдің құрылысы іргесін көтеруде.
Салынып жатырған үйлер Орал қаласының Жұлдыз шағын ауданында, Зашаған кентінде, Деркөл кентіндегі Сарыарқа және Көкжиек шағын аудандарында орналасқан.
Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарын сапалы әрі жедел жүргізуге барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Дегенменде кеше БҚО әкімі Нариман Төреғалиев пен БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нүркен Еділұлы Молдашев құрылыс алаңдарына барып, кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тасқыннан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылыс жұмыстары толық аяқталуы мерзіміне дейін қатаң бақылауда болмақ. Ағымдағы жылдың тамыз айында барлық үйлер пайдалануға берілуі жоспарланған.