Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен екі мектеп жаңа ғимараттарының тұсауы кесілді.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен екі мектеп жаңа ғимараттарының тұсауы кесілді.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен екі мектептің жаңа ғимараттарының тұсауы кесілді. Аймақ басшысы оқу ордаларының ашылу салтанатында, мемлекетіміздің білім саясатының арқасында болашақ ұрпаққа жасалып жатырған бірәз игілі істерді атап өтіп, «....заман талабына сай салынған оқу орындары - рухани азық жинайтын ордаға айналып, бәсекеге қабілетті, отаншыл, еліміздің туын биік ұстайтын білімді ұрпақ тәрбиелейтіні сөзсіз» - деп баяндады.
Атап айтқанда, Абай мен Еңбек ауылдарындағы мектептердің бірінде - 60, енді бірінде - 110 оқушыға дейін білім алады. Әр қайсысында 30 мұғалімге дейін сабақ береді.
Негізі Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі 1952 жылы ашылған екен. Мектептің ескі ғимараты 1974 жылы салынған, жобалық қуаты 60 орынға есептелген, спорт зал, акт залы жоқ. Қазіргі таңда мектепте 132 оқушы білім алуда, 30 педагог қызмет атқарады.
Жаңадан ашылған ғимаратта 9 оқу кабинеті бар, соның ішінде біріктірілген химия-биология, физика-математика, тілдер, мультимедия кабинеттері бар. Сонымен қатар 2 шеберхана, 1 спортзал, 8 орындық оқу залы мен кітапхана, 48 орындық асханамен жабдықталған. Мектеп ғимаратының жобалық қуаттылығы 108 орын, құрылысқа мемлекеттік бюджеттен 807 млн. теңге бөлінді. Мердігер - «Жайықсельстрой» ЖШС.
Екінші, Еңбек негізгі орта мектебі 1966 жылы қызметін бастады. Жаңа ғимаратта 10 оқу кабинеті бар, соның ішінде біріктірілген химия-биология, физика-математика, тілдер, информатика және бастауыш сыныптар кабинеттері бар. Сонымен қатар 2 шеберхана, спортзал, кітапхана, асханамен жабдықталған. Жаңа ғимаратты енгізу ауылдағы жұмыспен қамтамасыз етуге және 45-тен астам адамды жұмысқа орналыстыруға мүмкіндік береді.
Берілген қуаттылығы 60 орындық жаңа мектеп ғимараты 1532 м2 алаңын құрайды. Мердігер - «Тәуекел» ЖШС.