Бәйтерек ауданы Жалын ауылында шағын жинақты мектептің құрылысы.

Бәйтерек ауданы Жалын ауылында шағын жинақты мектептің құрылысы.

Ағымдағы жылы КПО б.в. Компаниясының қаражаты есебінен әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Жалын ауылында 54 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Мердігер – «KazConstructionGroup» ЖШС.

Мектеп құрылысы кезінде басты міндет балалар үшін қолайлы кеңістік құру және осы ауылда тұратын барлық мектеп жасындағы балаларды жалпы білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету болып табылады.

Жобада күрделі конфигурациялы бір қабатты мектеп ғимаратының құрылысы қарастырылған. Мектеп ғимараты бір қабатты ендірмесі бар оқу корпусына жалғанған оқу корпусынан және оқу-спорттық (акт) залынан тұрады.

Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары өндірістік-жұмыстар кестесіне сәйкес жүргізілуде. Нысанды 2023 жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.