«Батыс Қазақстан облыстық Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы» МКҚК-на визит-орталығының және әкімшілік корпусының құрылысы

«Батыс Қазақстан облыстық Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы» МКҚК-на визит-орталығының және әкімшілік корпусының құрылысы

Ағымдағы жылы КПО б.в. қаражаты есебінен «Батыс Қазақстан облыстық Хан Ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы» МКҚК-на визит-орталығының және әкімшілік корпусының құрылысы жалғасуда. Бас мердігер- «Жайықсельстрой» ЖШС.

Жоба бойынша екі қабатты әкімшілік ғимараты мен визит-орталығының ғимараты қарастырылған. Бірінші қабатында: экскурсиялық бөлім, экспозициялық бөлім, ғылыми бөлім, 48 орынға арналған мәжіліс залы, жұмысшыларға арналған кабинеттер, библиотека, 24 адамға арналған кафетерий орналасқан. Екінші қабатында кабинеттер орналасады.

Визит-орталығының ғимаратында: күзет бөлмесі, гардероб, санузелдар, фотолаборатория, касса орналасқан.

Қазіргі уақытта әкімшілік ғимараттың шатыр жабыны бойынша жұмыстар аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары басталды.

Нысан құрылысын аяқтау ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанына жоспарланған.