
Ағымдағы жылдың 26 мен 27 мамыры аралығында министр М.Қ.Қарабаев бастаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ҚР ИИДМ) делегациясы жұмыс сапарымен облысымызға келді.
БҚО-да Марат Кәрімжанұлы облыстың құрылыс компанияларымен кездесіп, бірқатар өзекті мәселелер айтылып, шешу жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар Қарабаев Марат Кәрімжанұлы өңірдің инфрақұрылымдық нысандарын аралап, оларды жаңғырту, салу және қайта құру жобаларының іске асырылуымен танысты.
Инфрақұрылымдық нысандарға барған кезде министр «Ақжайық» шағын ауданында әлеуметтік нысандар, ИКИ мен тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Құрылыс алаңында келесі мәселелер талқыланды:
- 2024 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (ИКИ)салуға қаражат бөлу;
- ҚР ИИДМ арқылы 2024 жылы 49 Гкал қазандық салуға қаражат бөлу мүмкіндігі ;
- БҚО үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысын және сатып алуды қаржыландыруға республикалық бюджеттен (РБ) жыл сайын 8 млрд. теңгеге дейін қаражат бөлу;
- РБ-дан 1 пәтерді сатып алуды қаржыландыруды 9,6 млн. теңгеден 17 млн. теңгеге дейін ұлғайту (жалға берілетін тұрғын үй)
- Кредиттік тұрғын үй құрылысына берілетін облигациялық қарызды қайтару мерзімін 2 жылдан 4 жылға дейін ұлғайту;
- БҚО үшін МБҚ шығару лимитін 6,6 млрд.теңгеден 11,0 млрд.теңгеге дейін ұлғайту;
- Бастапқы жарна сомасын 20% - ға дейін төмендету ("Отбасы банкі" АҚ), бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдікті ипотекалық бағдарламалар құру, "7-20-25" бағдарламасына қайталама тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін енгізу, БҚО үшін бағдарламаға сәйкес пәтерлердің шекті құнын 15 млн. теңгеден 25 млн. теңгеге дейін ұлғайту, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалану үшін жеткіліктіліктің ең төменгі шегін азайту мүмкіндігін қарастыру.
Сондай-ақ министр тұрғын үй, қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттар салу үшін темірбетон бұйымдарын жасайтын «Болашак-Т» үй құрылыс комбинаты және түрлі сумен қамтамасыз ететін қондырғылар шығаратын «ВодЭкоФильтр» ЖШС қызметімен танысты.