«Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы» Жұмыс Жобасы

«Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Базартөбе ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысы» Жұмыс Жобасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жоспарланып отыр.

Дәрігерлік амбулатория халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған және денсаулық сақтаудың маңызды буыны болып табылады, оның жұмысының тиімділігіне ауыл тұрғындарының денсаулығы мен өмірін сақтаудың өткір әлеуметтік мәселелерін табысты шешу жатады. 

Дәрігерлік амбулатория ғимараты 1 қабаттан тұрады.

Жалпы аумағы – 440,72 шаршы метр.

Қуаттылығы – бір ауысымда 50 келушіге дейін.

Сонымен қатар, дәріхана пункті, дәрігерлік және дәрігерге дейінгі қабылдау кабинеттері, акушерлік қабылдау кабинеті, оқшаулағыш процедуралық кабинет, егу кабинеті, физиотерапиялық емдеу кабинетімен қамтылған. 

Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттамалары жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сараптаманың оң қорытындысын алу 2023 жылдың маусым айына жоспарлануда. Республикалық бюджеттен қолдау тапқан жағдайда, құрылыс-монтаждау жұмыстары ағымдағы жылға жоспарланып отыр.