БҚО, Орал қаласында 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығының құрылысы

БҚО, Орал қаласында 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығының құрылысы

Орал қаласын «Ақжайық» шағын ауданында 2022 жылы әлеуметтік қамсыздандыру нысандарын дамыту шеңберінде 150 орындық мүгедектерді оңалту орталығының құрылысы басталды. Мердігер – «Альтаир» ЖШС.

Бүгінгі таңда ғимараттың қаңқасын тұрғызу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 35% аяқталды.

«БҚО Орал қаласында 150 орынға арналған мүгедектерді оңалту орталығын салу» инвестициялық жобаны іске асырудың мақсаты әртүрлі патологиядан зардап шегетін мүгедек адамдарды, сондай-ақ диспансерлік есепте тұрған балаларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Аталған оңалту орталығын 2024 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.