Орал қаласы "Ақжайық" шағын ауданның құрылысы

Орал қаласы "Ақжайық" шағын ауданның құрылысы

Бүгінгі күні Орал қаласының "Ақжайық" шағын ауданның құрылысы қарқынды жүргізілуде. Шағын ауданда бюджет қаражаты есебінен 25 тұрғын үй құрылысы қарастырылған. Сонымен қатар егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен 56 әлеуметтік, 3 мектеп (1500 оқушы), 4 спорт кешені, 9 бала бақша, 2 емхана және 4 алаңдар мен бульвар саябақтарының құрылысы көзделген.

Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары шағын ауданның орталық және оңтүстік бөлігінде басталды. Шағын ауданда бюджет қаражаты есебінен жалпы құны 4,2 млрд. теңгеге ұзындығы 138,8 шақырым электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау және кәріз инженерлік желілері тартылды.

Қазіргі таңда бюджет қаражаты есебінен Ақжайық шағын ауданында 9 көппәтерлі тұрғын үйдің (оның ішінде 7 тұрғын үй пәтерлерінің кілттері тұрғындарға 2024 жылдың III тоқсанында табысталады), 150 орындық оңалту орталығының және ішкі орам жолдарының құрылысы жүргізілуде.

         Сонымен қатар шағын ауданның инженерлік желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен ағымдағы жылы көтергіш сорғы станциясы және кәріз сорғы станциясының құрылысын бастау жоспарлануда.