
Ағымдағы жылдың 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында облыс әкімінің орынбасары Т.Е. Каюпов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы А.С. Антазиевпен бірге Шыңғырлау ауданының ауылдарына іс-сапармен барды. Сапар барысында Шоқтыбай ауылындағы су құбыры құрылысымен танысты. Құрылысы 2021 жылдан созылған жобаны осы жылы аяқтауға тапсырма берілді. Келесі күні Бөрлі ауданындағы бірнеше нысандары құрылысын барлады. Атап айтқанда, КПО б.в. қаражаты есебінен салынып жатқан Жарсуат ауылындағы 108 орындық шағын жинақты мектеп құрылысы, Ақсай қаласындағы «Тұрғын алабы 2» ЖК сәйкес сумен, электр және газбен жабдықтау инженерлік желілерінің құрылысымен, Ақсай қаласындағы 10 шағын аудандағы №26, 27А, 39 тоғыз қабаты көп пәтерлі тұрғын үй құрылысымен, сонымен қатар, Бөрлі ауылындағы жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімдерін сумен жабдықтау құрылысымен танысқан болатын. Құрылыс кезінде туындаған мәселелерге аса назар аударып, тапсырыс берушілер мен мердігерлерге жобаларды мерзімінде аяқтауға тапсырмалар берді.