
Ағымдағы жылдың 31 наурыз күні облыс әкімінің орынбасары Т.Е. Каюпов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы А.С. Антазиевпен бірге Сырым ауданының ауылдарына іс-сапармен барды. Сапар барысында аудан ахуалымен танысып, бірқатар нысандарды аралады. Алғабас, Қарағанды, Бұлан, Жамбыл, Қособа, Жырақұдық ауылдарындағы су құбыры құрылысымен танысып, нысандардың құрылыс мерзімдерін айқындады. Оған қоса, ондағы өзекті мәселелері талқыланып, шешу жолдары сараланды. Іссапар мұнан соң Қаратөбе ауданындағы бірнеше нысандары құрылысымен жалғасты. Яғни, КПО б.в. қаражаты есебінен салынып жатқан Соналы ауылындағы 60 орындық және Ханкөл ауылындағы 60 орындық шағын жинақты мектептердің құрылысымен, бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан Шалғын ауылындағы 60 орындық мектептің және су құбырының құрылысымен танысты. Нәтижесінде, құрылыс барысында туындаған мәселелерге аса назар аударып, тапсырыс берушілер мен мердігерлерге жобаларды мерзімінде аяқтауға тапсырмалар берді.