2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы

2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы

2022 жылғы 21 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасында  ҚР 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бекітілген тұжырымдамасы шеңберінде "нөлдік төзімділік" мәселелері жөніндегі семинар-кеңесі өтті.

Тұжырымдаманы таныстыруда БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің алдын алу басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасына ерекше назар аударды.         

БҚО құрылыс басқармасының басшысы А.С.Антазиев шараны қортындылап, жиналғандарға алғысын білдіріп, осындай іс- шараларды ай сайын өткізуді ұсынды.