Әдеп кодексінің жаңа редакциясы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы кездесу

Әдеп кодексінің жаңа редакциясы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы кездесу

2022 жылдың 11 қараша күні Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі – Хайруллина Айман Рафикқызы және ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бас маманы – Молдағалиев Дулатбек Алмазұлы БҚО «Құрылыс басқармасы» мекемесінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес және алдын алу» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараға басқарманың бөлім басшылары мен бас мамандары қатысты.