
«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 2021 жылдың мамыр айында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Жаңа Өмір ауылында 3 қабатты 24 пәтерлі арендалық тұрғын үй құрылысы басталды. Мердігер – «Эврика» ЖШС. Жалпы келісімшарт құны – 260,0 млн. теңге. Нысан құрылысына 2021 жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен – 168,1 млн. теңге, 2022 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 91,9 млн. теңге бөлінді. Тұрғын үй құрылысы ағымдағы жылғы қыркүйек айында аяқталды.
Бүгінгі күні инженерлік желілерді өткізу және тұрғын үй территориясын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылғы қараша айында аяқтау жоспарлануда. Тұрғын үймен жергілікті атқарушы орган кезегіндегі халықтың әлеуметтік осал тобы және көпбалалы отбасы санатындағы 24 тұрғын қамтамасыз етіледі.