
Ағымдағы жылдың сәуір айында орын алған ауа райы температурасының көтерілуіне байланысты су басу салдарынан зардап шеккен Қаратөбе ауданы Шалғын ауылындағы және Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылындағы үйлерді қалпына келтіру мақсатында, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтар үшін 3 екі пәтерлі және 1 бір пәтерлі тұрғын үй құрылысы, Қаратөбе ауданы Шалғын ауылындағы бір қабатты бір пәтерлі 23 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.
Үйлердің құрылысы «Қазақстан халқына» Әлеуметтік қор қаражаты есебінен жүргізілуде.
Аталған нысандардың құрылысын ағымдағы жылдың қазан айында аяқтап, тапсыру жоспарлануда.