Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударино және Жаңақала ауданы Мәстексай ауылдарында мәдениет үйлерінің құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударино және Жаңақала ауданы Мәстексай ауылдарында мәдениет үйлерінің құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары

Биылғы жылы бюджет қаражаты есебінен Ақжайық ауданы Бударино және Жаңақала ауданы Мәстексай ауылдарында мәдениет үйлерінің құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда «Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударино ауылындағы мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңғырту» нысаны бойынша жұмыстар 30 пайызға орындалып, шатырды төсеу жұмыстары жүргізілуде.

                Сондай-ақ «БҚО, Жаңақала ауданы, Мәстексай ауылындағы 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы» нысаны бойынша жұмыс 70 пайызға орындалды. Бүгінгі таңда ішкі безендіру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

                Сонымен қатар, бюджет қаражаты есебінен Ақжайық ауданы, Ақсуат ауылындағы ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарын бастау жоспарлануда. Бүгінгі күні конкурстық рәсімдер аяқталды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында құрылыс-монтаж жұмыстары басталады.

                Жоғарыда аталған нысандардың барлығын ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.