Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасында «Қазақстан Республикасының Конституция күні» қарсаңында мемлекеттік қызметке алғаш кірген жас мемлекеттік қызметшілердің салтанатты түрде Ант беру рәсімі ұйымдастырылды.
Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.С. Байсалов және Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының ардагері Н.Н. Мурзагалиев қатысты.
Еліміздің ең басты мерекесінің құрметіне орай салтанатты шараның ашылуында мемлекеттік әнұран орындалды. Мемлекеттік қызметке алғаш кірген БҚО құрылыс басқармасы өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы Б.М.Гилымов салтанатты түрде Ант қабылдады.