
Теректі ауданы Подстепное ауылында ағымдағы жылы 3-қабатты көппәтерлі 7 тұрғын үй және 4-қабатты көппәтерлі 6 тұрғын үй құрылысы басталды. Тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 38,9 мың шаршы метр. Пәтерлер саны – 288. Пәтерлер «Отбасы банк» АҚ-ның салымшыларының қатарындағы жергілікті атқарушы орган кезегінде тұрған тұрғындарға беріледі. Мердігер - «Жаиксельстрой» ЖШС. Жалпы келісімшарт құны – 4,9 млрд. теңге. Нысанды 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.