Тұрғын үй нысандарының құрылысының барысы туралы

Тұрғын үй нысандарының құрылысының барысы туралы

2022 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 13 көппәтерлі тұрғын үй және ауылдық елді мекендерде 70 тұрғын үй, барлығы 2420 пәтер құрылысы жүргізілуде.

          Бүгінгі күні Орал қаласында бюджет қаражаты есебінен 10 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылғы 14 шілде күні Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Ж.Меңдіғалиев Орал қаласындағы тұрғын үй нысандарының құрылысы барысымен танысты. Оның ішінде Зашағандағы тұрғын үй №15, 28, 29, 53, 54, Ақжайық шағын ауданындағы тұрғын үй №1, Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан тұрғын үй №7 құрылысы тексерілді. Тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша тапсырмалар берілді.

   Жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражаты есебінен облыс бойынша 4 көппәтерлі тұрғын үй және ауылдық елді мекендерде 54 тұрғын үйді, барлығы 1002 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде «Отбасы банк» АҚ салымшылары үшін Орал қаласында 3, Ақсай қаласында 1 көппәтерлі тұрғын үй және Теректі ауданы Тоқпай ауылындағы 20 тұрғын үй, жергілікті атқарушы орган кезегінде тұрғандар үшін ауылдық елді мекендерде 34 тұрғын үй қолданысқа беру жоспарлануда.